Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Юрген Клопп ел алдындағы еңбегі үшін орденмен марапатталды

Редактор Penalty.kz
01.10.2024, 21:49

Неміс бапкеріне мемлекеттік марапатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер табыстады.

championat.com

«Ливерпуль» және дортмундтық «Боруссияның» бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп Германия Федеративтік Республикасының «Ел алдындағы еңбегі үшін» федералдық орденімен марапатталды.

Bild басылымының хабарлауынша, бұл марапат Германияның бірлігі күніне орайластырылған. 

Орденмен бірге табысталған жазбада: «Табыс пен даңқ әр спортшының бойындағы адамгершілікті көруге оған ешқашан кедергі болған емес», — деп жазылған.

Еске сала кетейік, Клопп 2008-2015 жылдар аралығында «Боруссияны» жаттықтырды. Осы уақытта Клопптың командасы екі рет Германия чемпионы атанды. 2015 жылдан 2024 жылға дейін Клопп «Ливерпуль» клубының бас бапкері болып, Чемпиондар лигасын, Англия чемпионатын жеңіп алды.