Қазақстандық гимнастшылар әлем Кубогында топ жарды
08.10.2024, 13:15
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль иеленді.
kaz.inform.kz
Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан өткен әлем кубогы жарысында Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алды.
Тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская жаттығуын тамаша орындап, топ жарды. Ұпай саны - 13.166. 20 жастағы Дарья үшін бұл Әлем Кубогындағы алғашқы жүлде.
Бұдан кейін тіреніп секіруден ерлер арасындағы сында Асан Салимов қарсыластарынан үздік шықты. Оның ұпайы - 14.300.
Ал тұтқалы ат снарядында финалға шыққан Азиз Ильясов 4-орынға, керме жаттығуында Диас Тойшыбек 5-сатыға тұрақтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама