Гималайда ресейлік 5 альпинист ажал құшты
08.10.2024, 16:52
Жуырда олардың денелері табылды.
pikabu.ru
Непалда 6-шы қазан күні шыңға өрмелеу кезінде жоғалып кеткен бес ресейлік альпинистің денесі табылды. Анықталғандай, бәрі Дхаулагири тауына шығу кезінде қаза тапқан.
Құтқару тобы өкілдерінің айтуынша, марқұмдардың денелері 7100 метр биіктікте табылған. Олар 7600 метр биіктіктен құлаған.
Айта кетейік, Дхаулагири Гималай тау жотасына кіреді. Оның биіктігі 8167 метрді құрайды және әлемдегі жетінші ең биік шың болып саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама