Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Елдос Сметов биімен тағы да таңқалдырды

Редактор Penalty.kz
09.10.2024, 12:16

Дзюдошы Таразда дүркіретіп той жасаған болатын. 

1bol.kz

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Таразда дүркіретіп той жасап, алтын медальдің құрметіне дастархан жайды. Оған спортшының туған-туыстары мен достары шақырылды. Қызығы сол,  думанды кеште бапкерімен би билеген Сметов жұртты тағы да таңқалдырды. 

Той ортасында асаба Сметовті бұған дейін билеген ерекше биін қайталауды сұраған. Сол сәтте оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев екеуі ортаға шығып, биімен елдің көңілін көтерді. 

Айта кетейік, Елдос Сметов дзюдодан Қазақстан спортшылары арасында Олимпиада чемпионы атанған алғашқы атлет. Орталық Азия елдері бойынша да тұңғыш спортшы болып саналады.

Отандасымыз 60 келіде Рио, Токио Олимпиадаларында күміс және қола жүлде иеленді. Сонымен бірге, ол әлем және Азия чемпионы болды. Гран Слэм, Гран При турнирлерінде бірнеше дүркін топ жарды.