Қазақстанда спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі бар – Антикор

Редактор Penalty.kz
09.10.2024, 14:58

Мұндай мәлімдеме Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Туризм және спорт министрлігімен бірлескен арнайы талдауы нәтижесінде жасалды.

GOV.KZ

Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына легионерлерді ұстауға ақша жұмсап келген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Туризм және спорт министрлігімен бірлескен арнайы талдауы нәтижесінде осындай мәлімдеме жасалды. 

Еліміздің кей аймақтарында спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі кәдімгідей байқалады. Бұған қоса, қолданыстағы спорт нысандарының қолжетімсіз немесе қанағаттанарлықсыз жағдайы да өте өзекті мәселе. Осыны негізге алған мамандар  Қазақстан Республикасы дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жасады. 

Құжат  қарапайым жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдарының тапшылығынан бастап, үлкен спорттық нысандардың жетіспеушілігін жоюға бағытталған. Нақтырақ айтқанда, еліміз бойынша 374 мың шаршы метр жабық спорт ғимараттарының, 37  мың шаршы метр бассейндердің тапшылығы анықталды. Әсіресе, бұл жағдай Алматы, Астана, Түркістан және Алматы облыстарында өзекті.