Қазақстанда 161 мың адам өзін құмар ойыннан шектеді

Редактор Penalty.kz
10.10.2024, 22:31

Ойыншы жарты жыл немесе одан ұзақ мерзімге онлайн казино немесе букмекерлік кеңсеге ақша сала алмайды.

24.kz

7 қазандағы дерек бойынша Қазақстанда 161 мыңнан аса адам eGov mobile қосымшасы арқылы құмар ойын ойнап, бәс тігуге өз-өзіне шектеу қойған. Тағы 2 816-сы өз-бұл шектеуді жазбаша түрде рәсімдеген. Бұл осы салаға жауапты Туризм және спорт министрлігінің өкілдері келтірген дерек. 

Құмар ойыннан бас тартқандардың басым бөлігі – 31-35 жас аралығындағы азаматтар. Осы санаттағы адамдардан мобильді қосымша арқылы 38,1 мың өтініш түсткен. Бұл бәс тігуден өз еркімен бас тартқан барлық азаматтың 24,27 пайызы. Тағы 878 азамат (29,77%) өз-өзіне шектеуді жазбаша түрде жасаған. 

Айта кетейік, өз-өзіне шектеу жобасы биыл 18-ші наурызда іске қосылды. Ол бойынша әр азамат өзін 6 айдан 1 жылға дейін шектеу туралы өтінішті рәсімдей алады.