Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы да елді дүрліктірді

Редактор Penalty.kz
14.10.2024, 13:18

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Нұрасыл Болат той тойлап жүр.

nur.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат тағы да елді шулатты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Нұрасылдың туған күн жиынында отырғанын байқауға болады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеме жасады. 

"Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталған адамға (Нұрасыл Болатқа) ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалып жатыр", – делінген комитеттің ресми жауабында. 

Еске сала кетейік, Нұрасыл Болат мамыр айының ортасында екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Талапқа сәйкес, ол шетелге шыға алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды. Алкогольдік ішімдіктерді де іше алмайды. Сағат 23.00-ден кейін үйден шығуға рұқсат жоқ.