Шетелдік спортшыларға бюджеттен бір теңге де берілмейді

Редактор Penalty.kz
18.10.2024, 09:26

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді.

Azattyq-ruhy.kz

Қазақстан азаматы емес спортшыларға мемлекеттік бюджеттен бір теңге де бөлінбейді. Бұған қоса, квазимемлекеттік сектордан да шетелдік атлеттерді қаржыландыру толықтай тоқтатылады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді. Ол қазір Спорт және денешынықтыру туралы заң жобасының жұмыс тобына жетекшілік етеді.

Құжатты қарастыру барысында ел аузында легионер атанып кеткен шетелдік спортшыларға қатысты арнайы норма енгізілгенін алға тартты. Оны депутаттар бірауыздан қолдаған. Енді заңға сәйкес, басқа елден келген спортшылардың  жалақысы да, бонустары да, тіпті, трансфер төлемдері де қазынадан қаржыландырылмауға тиіс.

Депутаттың айтуынша, заң жобасына отандық спорттағы түйіткілдерді шешетін осындай 51 норма енгізілді және арнайы қорытынды алу үшін Үкіметке жолданған.