Рейтингте спортшылардың өз командаларымен жасаған келісімшарттары бойынша маусымдық табыстары, сондай-ақ алаңнан тыс алатын басқа да кірістері ескерілді. Сомалар салықтар мен агенттік төлемдерді шегергенге дейінгі көрсеткіштермен берілген. Рейтингтің басында "Лос-Анджелес Лейкерс" командасының көшбасшысы Леброн Джеймс тұр.
Forbes нұсқасы бойынша 2024/2025 маусымындағы НБА-ның ең жоғары жалақы алатын 10 ойыншысы:
- Леброн Джеймс ("Лейкерс") — $128,7 млн ($48,7 млн келісімшарт бойынша + $80 млн алаңнан тыс табыс);
- Стефен Карри ("Голден Стэйт Уорриорз") — $105,8 млн ($55,8 млн + $50 млн);
- Кевин Дюрант ("Финикс Санз") — $99,9 млн ($49,9 млн + $50 млн);
- Яннис Адетокунбо ("Милуоки Бакс") — $93,8 млн ($48,8 млн + $45 млн);
- Дэмиан Лиллард ("Милуоки Бакс") — $64,8 млн ($48,8 млн + $16 млн);
- Джоэл Эмбиид ("Филадельфия Севенти Сиксерс") — $61,4 млн ($51,4 млн + $10 млн);
- Джимми Батлер ("Майами Хит") — $58,8 млн ($48,8 млн + $10 млн);
- Девин Букер ("Финикс Санз") — $58,2 млн ($49,2 млн + $9 млн);
- Лука Дончич ("Даллас Маверикс") — $58 млн ($43 млн + $15 млн);
- Брэдли Бил ("Финикс Санз") — $57,7 млн ($50,2 млн + $7,5 млн).