Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ақмарал Науатбектің көңіліне тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Редактор Penalty.kz
30.10.2024, 14:57

Негізі Ақмарал Науатбек көру қабілетінің нашарлауына байланысты параспортқа ауысқан болатын. 

GOV.KZ

Танымал тележурналист Динара Сәтжан Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбектің көңіліне тиетін сұрақ қойып, желі қолданушыларының сынына ұшырады.

«Ақмарал, Олимпиада әлде Паралимпиада чемпионы болуды армандадың ба?», - дейді Динара Сәтжан.

Спортшы Олимпиада чемпионы болуды қалағанын айтты. Бірақ көру қабілетінің нашар болуына байланысты параспортқа ауысқанын жеткізді.

Бірақ Динара Сәтжан мұнымен тоқтамай, көзі қаншалықты көрмейтінін тағы сұрады.

«Сұрағы базар жоқ екен», «Журналистікі не сұрақ?», «Не деген сұрақ?», «Осындай да сұрақ бола ма?», «Динара, өзіңіз не сауал қойғаныңызды түсінбейсіз-ау? Сау адам болса, Паралимпиада чемпионы болуды қалайды деп ойлайсыз ба?», «Таза қуады екен», - деген пікірлер жазылған.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Парижде өткен Паралимпиада ойындарында парадзюдодан 48 келіге дейін салмақта чемпион атанды.