Туризм және спорт министрінің люкс көлігі үшін бюджеттен ондаған млн теңге кетеді

Редактор Penalty.kz
06.11.2024, 12:58

Аптасына кемі бір милион теңге шығын бар. 

tengrinews.kz

«Дядя Ваня» телеграм-арнасы спорт жанкүйерлерінің назарын министр Ербол Мырзабосыновтың көлік шығындарының артуына аудартты.

Жақында ТСМ «Президент істері басқармасының автокөлік шаруашылығы» мекемесімен жаңа келісімшарт жасасқан. Құжаттарға сәйкес, 2024 жылы министрлік лимузинге қызмет көрсету (жалға алу, көліктерді күтіп ұстау және кезекші жүргізушілер) айтарлықтай қымбаттаған.

«Шарт мәтініндегі "51 840 500,00 (елу бір миллион сегіз жүз қырық мың бес жүз теңге нөл тиын)" сөздері мен сандарын "67 274 500,00 (алпыс жеті миллион екі жүз жетпіс төрт мың бес жүз теңге нөл тиын)" сөздері мен сандарымен ауыстыру» — делінген ресми құжатта.

Айта кетейік, 2 жыл бұрын отандық БАҚ өкілдері осыған ұқсас қызмет үшін мемлекет орындаушыға 40 млн теңге төлегенін хабарлаған болатын. ҚР туризм және спорт министрі Дәурен Абаев (2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін) елордада 2015 жылғы Mercedes-Benz S500 L 4M көлігімен жүрген.