Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы XXXIII Қазақстан чемпионатының бірінші турының ойындары өтіп жатыр.
Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы XXXIII Қазақстан чемпионатының бірінші турының ойындары өтіп жатыр.
Ел біріншілігіне барлығы 10 команда қатысуда.
Бірінші тур аясында биылғы Қазақстан кубогының иегері «Жетісу» (Талдықорған) мен ел чемпионы «Тұран» (Түркістан) командалары кездесіп, суперкубокты сарапқа салды.
Талдықорғандық бұрымдылар бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 25:14. Екінші сетте Асқар Шалқыбековтің шәкірттері есепті теңестіруге тырысқанымен, «Жетісу» бәрібір басым түсті – 26:24. Үшінші партия да дәл солай – 25:17. Қорытынды есеп, 3:0.
Осылайша «Жетісу» Қазақстан суперкубогын төртінші рет жеңді.
Айта кетейік, Өскемендегі бірінші тур ойындары 14 қарашада аяқталады.