Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Атырауда жалған дипломмен жұмыс істеген 30 жаттықтырушы қызметінен кетті

Редактор Penalty.kz
13.11.2024, 16:02

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев мәлімдеді.

Aikyn.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысына қарасты департаменті Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында коррупцияға байланысты сараптама жүргізген. Оның қорытындысы бойынша бірқатар заңбұзушылық анықталған.

«Сараптама қорытындысы бойынша 900 миллион теңгеден астам қаржы бұзушылықтары анықталып, бір қылмыстық іс қозғалды. 4 миллион теңге бюджетке қайтарылды. Жалған дипломмен жұмысқа орналасқан 30 жаттықтырушы қызметінен босатылды. Жеке тұлғаға негізсіз берілген Мұз сарайының ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылды» - деді Ерұлан Серікқалиев.