Halyk Arena мен "Алматы арена" мемлекетке қайтарылды

Редактор Penalty.kz
14.11.2024, 17:11

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі мәлімдеді.

Ticketon.kz

Заңсыз жолмен жекенің қолына өтіп кеткен Halyk Arena мен "Алматы арена" нысандары мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі хабарлады. Оның айтуынша, 
тағы бірнеше спорт нысаны коммуналдық меншікке өткен. 

"Ақтаудағы "Мұз сарайы" спорт кешені коммуналдық меншікке қайтарылды. Нысан 2018 жылы "Бейбарыс-Ақтау" хоккей клубының басқарушысы, жеке кәсіпкерге негізсіз берілген. Осыған ұқсас Алматы қаласындағы мемлекеттік серіктестік арқылы өтеусіз негізде жекеменшік басқаруда болған Halyk Arena мен "Алматы Арена" нысандары коммуналдық меншікке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында ұйымның сенімгерлік басқаруында болған футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайтарылды", – деді ол брифинг барысында. 

Бұдан бөлек Шымкентте 108 миллион теңгеге сатылған "Мұз сарайы" спорт кешенінің 67% үлесі мемлекетке өткен. 

"Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендірілген "Айша бибі" су полосы спорт клубы мемлекет меншігіне өткен. Бұдан бөлек спорттық атақтарды заңсыз беру деректері де анықталды", – деді Бигайдаров.