Келесі айда Норвегияда әлем жұлдыздарының қатысуымен ірі турнир өтеді.
13-15 желтоқсан аралығында Норвегияда Вальднер Кубогы өтеді. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа ардагерлер мен қазіргі үстел теннисінің әлем жұлдыздарының қатысады. Оның ішінде отандасымыз да бар.
Қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасы атынан өнер көрсетеді. Сары құрлық командасында сондай-ақ, алты дүркін Олимпиада чемпионы Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Вуджин, Лим Джонхун, Шин Юбин және Маника Батра бар.
Ал Әлем құрамасының сапында ХХ ғасырдың үздік ойыншысы деп танылған Ян-Уве Вальднер, Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас пен Бернадет Сёч бар.