«Қайраттың» қарсыластары белгілі болды
01.12.2024, 17:40
Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі аяқталды
kazfootball.kz
«Қайрат» загребтың «Динамосын» 5:1 есебімен тізе бүктіріп, турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Өкінішке қарай Қазақстан чемпионы «Семей» «Төртеудің финалына» шыға алмады. Дебюттік турнирде жерлестеріміз словениялық «Лученец» клубын 8:1 есебімен жеңгенімен, өз тобында «Пальмадан» кейін екінші орынға тұрақтады.
«Төртеудің финалы» 1-4 мамыр аралығында өтеді. «Қайратқа» испаниялық «Картахена», «Пальма» және португалиялық «Спортинг» қарсылас болады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама