Х Азия-Тынық мұхиты ойындары басталды
03.12.2024, 11:02
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия-Тынық мұхиты ойындары жалауын көтерді.
24.kz
Оған 24 елден 1300-ге жуық есту қабілеті зақымданған спортшылар келді. Олар жеңіл атлетика, таеквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.
Ел намысын 8 спорт түрінен 80 спортшы қорғайды. Жарыстың алғашқы күні шахматтың блиц түрінен Балжан Жұмағазиева 8 ұпай жинап көш бастады. Ал ерлер арасында Самажан Кеттебеков 8,5 ұпай жинап, күміс медаль еншіледі.
Азия-Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама