Олимпиада жүлдегерлері мен эстрада жұлдыздары қоқыс жинап жүр

Редактор Penalty.kz
03.12.2024, 17:36

Олар Алматы қаласының Бостандық ауданын ретке келтірді.

24.kz

250-ге жуық адам Шагабутдинов-Сәтбаев қиылысындағы учаскені қоқыстан тазартуға шықты. Олардың арасында Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков пен Өктем Алтаев сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары болды. 

“Адамзат қанша өмір сүрсе, үйдегі тазалықты сақтау және қоршаған ортаға, сіз тұратын қалаға ұқыпты қарау мәселесі өзекті болып қала береді. Қалалық кеңістікті бірлескен күш-жігермен жинау – өте маңызды және қажетті акция. Себебі Алматы әрқашан өзінің тазалығымен және жасылымен танымал болған. Менің ойымша, бұл дәстүр үзілмеуі керек. Сонымен қатар оны жастардың, қала тұрғындарының қатысуымен қолдау керек. Ең бастысы - адамның ішкі әлемі таза болған кезде, ол қоқыс болмайды. Әркім өз іс-әрекеті үшін жауапты болуы керек”, – дейді еркін күрестен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков. 

Тазалық акциясына үш арнайы техника жұмылдырылып, аумақтан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.