Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Гандболшыларымыз "қолаға" таласады

Сарапшы, спорт журналисі
08.12.2024, 22:28

Нью-Делиде қыздар арасында гандболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық гандболшылар бүгін жартылай финалда Жапонияға 23:30 нәтижесімен есе жіберді.

Топтық кезеңде қыздарымыз Қытайды 28:26, Сингапурды 38:7 есебімен жеңген. Бірақ Оңтүстік Кореядан айласын асыра алмады. 

Енді Қазақстан 10 желтоқсанда қола медаль үшін Иранмен кездеседі. 

Сол күні финалда Оңтүстік Корея мен Жапония шеберлік байқасады. 

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2010 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлде еншіледі. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары