Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шахматтан Қазақстан чемпионы мерзімнен бұрын анықталды

Редактор Penalty.kz
11.12.2024, 13:54

Қыздар арасында ел біріншілігінің 12-турынан кейін Әмина Қайырбекова 9,5 ұпай жинады. 

x.com
Реклама
Реклама

Әмина ізін басқан қарсыластарынан 1,5 ұпайға ұзап кетті. Бүгін соңғы 13-тур ойындары өтеді. 

Әмина Қайырбекова небәрі 11 жасында Бразилияда өткен жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде ұтып алған. Былтыр Грекиядағы дүниежүзілік бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанға алтын медаль әперген. Ал Италияның Пула қаласында жалауын көтерген әлем біріншілігінде блиц сынында Ксения Балабаеваға жол беріп, күміс жүлдеге қол созды. 

Әмина 2024 жылы қыркүйек айында Будапешттегі шахмат олимпиадасында атой салды. Қыздар құрама командасы Финляндиядан (2,5:1,5) басым түскенде ақ фигурамен ойнаған Ксения Балабаева мен Әмина Қайырбекова жеңіске сүбелі үлес қосты. Өткен айда Қайырбекова 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары