Елордада ВТБ Бірыңғай лигасы шеңберінде "Астана" мен екатеринбургтың "Уралмаш" командасы кездесті.
Бірінші ширек – 22:7 есебімен қонақтардың басымдығымен өтсе, қалғандары минималды нәтижемен – 21:20, 23:22 и 14:13 аяқталды. Қорытынды есеп – 80:62 ресейіктердің пайдасына.
Қазақстандық команда құрамында Аскар Майдекин 14 ұпай жинап, үздік сұрмерген атанды.
“Астана” ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымында қатарынан 20-рет жеңіліске ұшырады. Клуб әлі жеңіске жеткен емес.
Елордашылар 17 желтоқсанда өз паркетінде Пермь өлкесінің “Парма” баскетболшыларын қабылдайды.