"Алтын тұғыр" сыйлығы табысталды
21.12.2024, 18:01
Астанада ұлттық ойындардың үздіктері ұлықталды.
24kz
Төл спорттың өкілдеріне бас-аяғы 11 аталым бойынша марапат берілді. Жалпы “Алтын тұғыр” сыйлығы ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттау, спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру мақсатында жыл сайын тағайындалады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 10 федерация кіреді.
“2024 жылы Ұлттық спорт үшін өте табысты жыл болды. Қыркүйек айында 5-ші көшпенділер ойындарында Қазақстан медаль саны бойынша алдыңғы қатарға шықты. Өзіміздің төл спортымыздың, ұлттық спортқа қарасты спорттың барлығы алдыңғы қатардан көрінді”, – деді Ғани Сұлтанұлы ҚР ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама