Ауыр атлеттеріміз Азия чемпионатында 18 алтын медаль алды

Редактор Penalty.kz
24.12.2024, 18:41

Спортшыларымыз Дохада ауыр атлетикадан өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында әлем рекордтарын бағындырды. 

wfrk.kz

Қазақстан құрамасының қоржынына 18 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль түсті. 

Жасөспірімдер, 67 кг:

Ерсұлтан Тұрсынбеков: жұлқа көтеру – 128 кг (2-орын), серпе көтеру – 150 кг (5-орын), қос сайыс – 278 кг (4-орын).

Жастар, 81 кг:

Әлібек Рахымберді: жұлқа көтеру – 146 кг (4-орын), серпе көтеру – 184 кг (3-орын), қос сайыс қорытындысы бойынша 330 кг нәтижемен қола медаль жеңіп алды.

Қыздар, 64 кг:

Алтынай Тәнибергенова: жұлқа көтеру – 84 кг (2-орын), серпе көтеру – 108 кг (2-орын), қос сайыс – 192 кг (күміс).

Қыздар, 71 кг:

Кира Данилова: жұлқа көтеру – 89 кг (1-орын), серпе көтеру – 110 кг (2-орын), қос сайыс – 299 кг (күміс).

Бибінұр Ысмынова: жұлқа көтеру – 75 кг (3-орын), серпе көтеру – 95 кг (3-орын), қос сайыс – 170 кг (қола).

Қыздар, 76 кг:

Аружан Ерімбет: жұлқа көтеру – 79 кг (3-орын), серпе көтеру – 95 кг (3-орын), қос сайыс – 174 кг (қола).

Қыздар (20 жасқа дейін), 81 кг:

Виктория Новикова: жұлқа көтеру – 92 кг (2-орын), серпе көтеру – 120 кг (2-орын), қос сайыс – 212 кг (күміс).

Сәния Орманбаева: жұлқа көтеру – 91 кг (3-орын), серпе көтеру – 118 кг (3-орын), қос сайыс – 209 кг (қола)