Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Белгілі қазақстандық дзюдошы ел азаматтығынан бас тартты

Редактор Penalty.kz
07.01.2025, 11:00

Дзюдодан халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан бақ сынап, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған моңғол қызы Галбадрах Отгонцэцэг өз елінің азаматтығын алуға өтініш берді.

fdk.kz
Реклама
Реклама

Галбадрах 2021 жылы мансабын аяқтап, еліне қайтқан. Тұрмысқа шығып, дүниеге сәби алып келген. Ал қазір Ұлан-Батырда жаттықтырушы қызметін атқарады. Қазір оның дзюдо клубында 100-ден аса жас спортшы тәлім алады.

Галбадрах Отгонцэцэг Рио Олимпиадасында Қазақстан атынан 48 келіге дейінгі салмақта белдесті. Өз елінде бірінші нөмірлі спортшы атана алмады. Моңғол құрамасында құрбысы Уранцэцэг Мунхбат үздік болды. Нәтижесінде Қазақстан азаматтығын алып, халықаралық жарыстарға қатысқан еді. 

Моңғол дзюдошысы өз сұхбаттарында Қазақстан атынан жарыстарға қатысқанына өкінбейтінін айтады. Себебі Олимпиада ойындарына қатысып, жүлдегер атанды. Бала арманын орындады. Өзінің жаңа мүмкіндіктерін ашқанын жасырмады. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары