Қазақстан Универсиаданың үшінші "алтынын" жеңіп алды
18.01.2025, 15:57
Биатлоншы Никита Акимов Туриндегі ойындарда алтын медаль иеленді.
altaynews
Акимов 10 шақырымдық спринтте мәре сызығын бірінші қиды.
Екінші орынға швециялық Кнут Векстрем көтерілсе, Богдан Борковский (Украина) үштікті түйіндеді.
Осылайша Қазақстан қоржынына Қысқы Универсиаданың үшінші "алтыны" түсті. Бұған дейін могулшы Анастасия Городко ойындардың қос дүркін жеңімпазы атанған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама