Реклама
Реклама

Қазақстан Туриндегі Универсиадада оныншы медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
18.01.2025, 19:27

Биатлоншы Арина Крюкова қысқы Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 

BaigeNews.kz

Крюкова 7,5 шақырымдық спринтте Қазақстан қоржынын оныншы медальмен толтырды.

Еске сала кетсек, бүгін тағы бір биатлоншымыз Никита Акимов 10 шақырымда үздік нәтиже көрсетті. 

Дәл қазір Қазақстан қысқы Универсиадада медаль жиынтығы бойынша үшінші орында тұр. Ұлттық құраманың еншісінде үш "алтын", төрт "күміс" және үш "қола" бар.

Реклама
Реклама