Қысқы Азия ойындары Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі
29.01.2025, 16:57
"Qazaqstan" телерадиокорпорациясы 7-14 ақпан аралығында өтетін Қысқы Азия ойындарының тікелей трансляцияның құқығын сатып алды.
olympic.kz
Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойындарды “Qazsport” арнасынан тікелей эфирде көре алады.
Харбинде өтетін Азия ойындарына Қазақстан атынан 137 спортшы қатысады. Азия ойындарында ту көтерушілер ретінде хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан спортшылары қысқы Азия ойындарына алтыншы мәрте қатыспақ. Отандастарымыз ең алғаш 1996 жылы Харбиндегі додада өнер көрсеткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама