Хоккейшілеріміз екінші кездесуін өткізеді.
Харбинде 2025 жылғы Азия ойындарының үшінші жарыс күнінде хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы екінші кездесуін өткізеді.
Астана уақыты бойынша отандық спортшылардың жарысқа шығу кестесін ұсынады.
Қазақстандық хоккейшілер алдын ала кезеңді жеңіліспен бастап, бірінші турдан кейін "А" тобында екінші орынға жайғасты.
Ал керлингтен аралас ұлттық құрама Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп, қазір В тобында бесінші орында тұр.
07:00. Керлинг. Аралас дуэттер. Топтық кезең, екінші матч
Қазақстан (Әмина Сейітжанова және Азизбек Нәдірбаев) – Оңтүстік Корея
15:00. Керлинг. Аралас дуэттер. Топтық кезең, үшінші матч
Қазақстан (Әмина Сейтжанова және Азизбек Нәдірбаев) — Катар
17:00. Хоккей. Ерлер. Алдын ала кезең, екінші тур
Қазақстан – Қытай