Азиада-2025: Кёрлингшілер алғашқы жеңіске қол жеткізді
Жарнама
Жарнама
Харбинде қысқы Азия ойындары аясында кёрлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар жалғасып жатыр.
Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Нәдірбаев Қатар құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс. Бұған дейін Сейітжанова мен Нәдірбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.
Жарнама
Жарнама