Бибісара Асаубаева Монакодағы байрақты турнирде көш бастады

Редактор Penalty.kz
18.02.2025, 20:29

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ әйелдер Гран-приінің үшінші кезеңінде сәтті өнер көрсетіп келеді. 

liter.kz

18-27 ақпан аралығында Монако княздігінде өтіп жатқан турнирде әлемнің ең мықты 10 шахматшысы бақ сынап жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшысы, халықаралық шебер Бибісара Асаубаева да бар.

Екі кезеңнен кейін Бибісара жалпы есепте 182,5 ұпаймен бірінші орында тұр және жүлде қоры бойынша (22 500 еуро) да көш бастап келеді. Монте-Карлодағы бұл турнир 2026 жылы өтетін Үміткерлер турниріне жолдама алу жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Бибісараның бұл жетістігі оның жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлігінің нәтижесі. Алдағы ойындарда ол өз позициясын нығайтып, турнирді сәтті аяқтауға ұмтылып келеді. 

Айта кетейік, ФИДЕ әйелдер Гран-приі әлемнің ең үздік шахматшыларының басын қосып, олардың арасындағы бәсекелестікті арттыруға бағытталған беделді жарыс саналады.