Жаңа спорт нысаны Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионының орнына бой көтермек.
Жобаны қаржыландыру заңсыз жолмен алынған активтерді мемлекетке қайтару есебінен құрылған арнайы мемлекеттік қор арқылы жүзеге асады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі ресми мәлімдеме жасап, құжатты жариялады.
- Жаңа стадион құрылысына 17,3 млрд теңге бөлінді.
- Нысан 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
- Ескі стадион 2024 жылдың қаңтарында толықтай бұзылды.
Кейбір қазақстандықтар бұл жобаны сынап, білім беру мен әлеуметтік нысандардың маңыздылығына назар аударды.
"Бұл стадионның қажеті қанша? Оның орнына мектептер мен балабақшалар салу керек!" – деп жазуда әлеуметтік желі қолданушылары.
Жаңа стадион қала инфрақұрылымын жақсартып, спортты дамытуға серпін береді деп жоспарланған. Дегенмен қоғамда бұл шешімге қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жатыр.