Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бибісара Асаубаева FIDE Гран-приінің Монако кезеңінде тең түсті

Редактор Penalty.kz
20.02.2025, 10:36

Қазақстан шахмат құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Монакода өтіп жатқан FIDE Гран-приінің үшінші кезеңінің екінші турында ресейлік Екатерина Лагномен кездесіп, тең нәтижеге қол жеткізді.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Қара таспен ойнаған Бибісара партия барысында қарсыласына басымдық беріп қойғанымен, Лагно бұл артықшылықты пайдалана алмады. 38-ші жүрісте екі шахматшы да тең ойынға келісім берді.

Турнирдің алғашқы турында Асаубаева испаниялық Сарасадат Хадемальшарьехпен де тең түскен болатын.

Қазір екі турдан кейін Бибісараның еншісінде 1 ұпай бар.

Гран-при көшбасшылары

Жарыс кестесінің көшін 1,5 ұпай жинаған төрт шахматшы бастап тұр: Екатерина Лагно (Ресей), Хампи Конеру (Үндістан), Сарасадат Хадемальшарьех (Испания) және Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия).

Асаубаеваның жалпы рейтингтегі орны

Айта кетейік, FIDE Гран-приінің екі кезеңінің қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 182,5 ұпаймен жалпы есепте көш бастап тұр. Сондай-ақ, ол 22 500 еуро көлеміндегі жүлде қоры бойынша да үздік нәтиже көрсетуде.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары