Нысана көздеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия Кубогында топ жарды

Редактор Penalty.kz
20.02.2025, 13:10

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті алтын медаль жеңіп алды.

olympic.kz

Винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Қазақстан құрамасының мүшелері – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле, Арина Алтухова және Елизавета Безрукова қарсыластарынан озып шықты. Олар 1849.8 ұпай жинап, күміс жүлдегер Жапониядан 1,5 ұпайға жоғары нәтиже көрсетті. Қола жүлдені Оңтүстік Корея командасы иеленді.

Жекелей сындағы нәтиже: 

  • Арина Алтухова – 4-орын
  • Елизавета Безрукова – 5-орын
  •  Александра Ле – 10-орын

Ертең әйелдер 3 позицияда нысана көздеуден жүлдеге таласады.