Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Допингпен ұсталған әлем чемпионы спорттан 3 жылға шеттетілді

Редактор Penalty.kz
20.02.2025, 14:40

Көркем гимнастикадан әлемнің үш дүркін чемпионы болгариялық Радина Томова антидопинг ережесін бұзғаны үшін үш жылға дисквалификация алды. Болгария Антидопинг орталығының ресми сайтында берілген ақпаратқа сәйкес, оның сынама анализінде тыйым салынған диуретик гидрохлортиазид анықталған.

vedti.bg
Реклама
Реклама

19 жастағы спортшы 2024 жылдың 2 қазанынан бастап сайыстарға қатысу құқығынан айырылды. Оның дисквалификациясы 2027 жылдың 1 қазанына дейін жалғасады. Томованың спорттық жолында 2022 жылғы Софияда өткен әлем чемпионатындағы топтық көпсайыс және үш лента, екі доппен орындалған жаттығулары ішінде үш алтын медаль бар. Одан бөлек, 2023 жылғы Валенсиядағы әлем біріншілігінде командалық бәсекеде алтын жүлде жеңіп алған.

newsinfo. ru

Ол 2024 жылы спорттан кеткенін ресми түрде жариялап, "Локомотив" (София) көркем гимнастика клубында бапкер көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары