Джиу-джитсудан жаттықтырушы, аралас жекпе-жек сарапшысы Нұрсұлтан Орынбасаров келіншегі Сара Рахмонованың ата-енесімен бірге тұратынын айтты.
Бұл туралы ол журналист Aqyrys Seitqazy-ның YouTube арнасында мәлімдеді.
"Отбасылық жағдайымыз жақсы, біраз жоспарларымыз бар. Сараның да жақсы жаңалықтары көп. Алдағы уақытта әлеуметтік желіде бөлісе жатар. Қазір Сара ата-енесімен бірге тұрады. Келіндік міндетін атқарып жүр. Ата-енесі де оған риза, оны әрқашан қолдайды, – дейді Нұрсұлтан Орынбасаров.
Оның айтуынша, жақында Сара Рахмонова Алматыдағы Президент саябағында үлкен шара өткізген екен.
"Қыз-келіншектерге арнап таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Біріншіден, қыз бала – болашақ ана. Ал спорт денсаулық кепілі. Спортпен айналыса отырып, зиянды заттардан алыс болуға үндеді. Екіншіден, өзін-өзі қорғау бойынша қоян-қолтық күрестің әдістерін көрсетті. Үшіншіден, спортпен айналысатын қыз-келіншектерге өз тәжірибесін бөлісті. Алла қаласа, осы шараны қолға алмақ. Бастысы – өзінен де мықты спортшыларды шығарып, еліне өз үлесін тигізгісі келеді, – деді ол.