Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында уақытша бірінші орынға көтерілді.
Қазақстандық спортшы Шайдоров өзінің тамаша өнер көрсетуінің арқасында 94,73 ұпай жинап, жекелей сында көш бастады.
Қазір уақытта екінші орында АҚШ өкілі Джимми Ма тұр, оның көрсеткіші 82,52 балл. Үздік үштікті жапониялық Казуки Томоно 79,84 ұпаймен түйіндеп тұр.
Айта кетейік, турнир жеңімпазы мен жүлдегерлері еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады. Бұл шешуші кезең 22 ақпанда өтеді.