АҚШ-тың туристік қауымдастығы инфрақұрылым мен визалық саясатқа қатысты ескерту жасады.
ESPN мәліметінше, АҚШ-тың туристік индустриясы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты мен 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына толық дайын емес.
«Біз миллиондаған отандық және шетелдік туристерді тартатын алдағы спорттық шараларға дайын емеспіз. Бұл ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді және экономикалық өсімді тежейді», – деп мәлімдеді туристік қауымдастық өкілдері.
Ескірген инфрақұрылым
Қауіпсіздік технологияларының жеткіліксіздігі
Виза алу процесінің ұзақтығы
Болжамдарға сәйкес, ӘЧ-2026 мен Олимпиада-2028 АҚШ-қа 40 миллионнан аса турист тартуы мүмкін.
Туристік қауымдастық үкіметке арнайы жұмыс тобын құрып, визалық рәсімдерді жеңілдетуді және әуежайдағы қауіпсіздік жүйелерін жаңғыртуды ұсынды.
Атап айтқанда, биометриялық технологияларды кеңінен енгізу тексеру процестерін жеделдетуге көмектеседі.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты – АҚШ, Канада, Мексика
2028 жылғы жазғы Олимпиада – Лос-Анджелес
2034 жылғы қысқы Олимпиада – Солт-Лейк-Сити (жоспарланған)