14 жылдан кейінгі "алтын": Қазақстандық конькиші Әлем кубогында жеңіске жетті
Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Польшадағы Томашув-Мазовецкийде өткен конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді.
Кошкин 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, 34,52 секундта мәре сызығын кесті.
- Күміс жүлде – Лорен Дюбрель (Канада) – 34,70 секунд
- Қола жүлде – Марек Каниа (Польша) – 34,76 секунд
Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Әлем кубогы кезеңінде 2011 жылы командалық спринт жарысында алтын медаль алған. Бұл жеңіс ел спортындағы маңызды жетістіктердің бірі болып саналады.
Жарнама
Жарнама