Қазақстан батуттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде жүлде жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
23.02.2025, 22:02

Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнирде күміс медаль иеленді. 

NUR.KZ

Біздің спортшылар Әзербайжанның Баку қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстандық дуэт Данил Мусабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс жүлдеге қол жеткізді. Олар финалда Жапониядан ғана қалып қойды. Үздік үштікті Мексика құрамасы түйіндеді.

Бұл жетістік қазақстандық гимнастардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.