Қазақстан құрамасына аз ғана ұпай жетіспеді.
Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияға 10:18 есебімен жеңілді.
Қазақстан — Жапония
Рудай — 4 гол
Шәкенов, Недоконцев — 2 гол
Маркович, Ахметов — 1 гол
Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы шілде айында Сингапурда өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Азия чемпионатының тек финалистері әлемдік біріншілікке жолдама алады.
Ертең Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Қытай — Иран матчының жеңілген командасымен кездеседі.