Франция астанасында өтіп жатқан көркем жүзуден жылдың алғашқы әлем кубогында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.
Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Осыған дейін Виктор Друзин мен Эдуард Ким жекелей сында тұғыр сатысына көтерілді.
Париждегі жарыста ел намысын барлығы 24 спортшы қорғады.