Грозный қаласында үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев атындағы Республикалық спорттық күрес орталығы ашылады.
Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыров бұл шешімнің қабылданғанын өз Telegram арнасында хабарлады:
"Бүгін Бувайсар Сайтиев 50 жасқа толар еді. Осыған байланысты Шешенстан басшысы Рамзан Ахматұлы Қадыровтың тапсырмасымен Грозныйда бой көтерген Республикалық спорттық күрес орталығына оның есімі берілді. Жақын арада орталық ресми түрде ашылады."
Министрдің айтуынша, бұл шешім даңқты спортшының есімін ұлықтау мақсатында қабылданды.
"Ол – тұтас бір буын спортшылары үшін символға айналған тұлға. Бувайсар Сайтиев атындағы күрес орталығынан оның мұрасын жалғастыратын жаңа чемпиондар шығады деп сенемін."
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров даңқты балуанның есімі мәңгі есте қалатынын атап өтті:
"Бувайсар Сайтиев – тек мықты балуан ғана емес, ол табандылықтың, абыройдың және мызғымас рухтың символы болды. Оның жеңістері миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жалындатты. Ол әр жекпе-жегінде жеңіске жетіп қана қоймай, баршаға өмірдің шынайы құндылықтарын көрсетті. Оның есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады."
Даңқты спортшы 2 наурыз күні 49 жасында өмірден өтті. Ол: