Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері керемет нәтижені бағындырды

Сарапшы, спорт журналисі
23.03.2025, 19:55

Шахматшы Әмина Қайырбекова әйелдер арасында гроссмейстер нормасын орындады. 

Instagram/@ami_kfp
Реклама
Реклама

2024 жылғы Қазақстан чемпионы әрі шахматтан әлемдік Олимпиаданың күміс жүлдегері Әмина Қайырбекова Венгрия астанасы Будапештте өткен халықаралық турнирде гроссмейстер нормасын орындады. Бұл туралы шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Былтыр қыркүйекте Әмина Қайырбекова Қазақстан әйелдер құрамасы сапында шахматтан әлемдік Олимпиадада күміс медаль жеңіп алды. Құрамада Бибісара Асаубаева, Меруерт Қамалиденова, Ксения Балабаева және Алуа Нұрман сынды атақты шахматшылар өнер көрсетті. Айта кетейік, сол сәтте Әмина — құрамадағы жалғыз гроссмейстер атағы жоқ ойыншы еді.

Желтоқсан айында Қайырбекова әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарып, отандық шахматтағы үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары