Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қайрат" Қазақстан Кубогы финалында ойсырай жеңілді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.03.2025, 21:40

"Семей" футзалдан Қазақстан Кубогының 2024/25 маусымындағы финалында Алматының "Қайратын" 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, ел кубогының жаңа иегері атанды.

Instagram/@futsalkazakhstan

Семейліктер сапында Кайо Руис дубль жасап, жеңістің басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Сонымен қатар Дедезиньо, Габриэль Кандидо және Ақжол Дәрібай бір-бір голдан соқты. Ал "Қайраттың" жалғыз голы Денердің еншісінде.

Финалдағы сенімді жеңістің арқасында "Семей" өз тарихында кезекті жүлдесін иеленіп, Кубок иегері атанды.

Айта кетейік, "Семей" — Қазақстанның қазіргі чемпионы. Өткен маусымда да дәл осы команда финалдық серияда "Қайратты" 3:1 есебімен ұтып, чемпиондық атақты иеленген еді. 

Қазір  "Қайрат" Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Ал "Семей" екінші орынға жайғасқан және чемпиондық үшін тартыс әлі де жалғасуда.