"Манчестер Юнайтед" Рамазан айында дәстүрлі ауызашар ұйымдастырды

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 12:00

Ағылшын футболының алыбы "Манчестер Юнайтед" тарихында алғаш рет өз стадионы — әйгілі "Олд Траффордта" ауызашар өткізді. Мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айындағы бұл шара клуб мәдениетіндегі жаңа қадам ретінде бағалануда,

telegrafi.com

Ауызашар — Рамазан айында мұсылмандар үшін күн батқаннан кейінгі алғашқы тамақтану уақыты. Биыл “Юнайтед” бұл игі дәстүрді өзінің басты аренасында — “Олд Траффордта” алғаш рет ұйымдастырып отыр.

Клубтың ресми мәліметінше, бұған дейінгі ауызашар 2023 жылы “Каррингтон” оқу-жаттығу базасында өткен. Бірақ биылғы шара кең ауқымда өтіп, бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді.

Ауызашар кешіне барлығы 160 адам жиналды. Олардың қатарында “МЮ” академиясының жас футболшылары, клуб қызметкерлері және жанкүйерлер болды.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — “Манчестер Юнайтедтің” көпұлтты және көпмәдениетті қауымдастыққа ашық екенін көрсету.