Түркиялық тау шаңғышысы, Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Беркин Уста 24 жасында көз жұмды. Қайғылы жағдай Улудаг тау шаңғысы курортындағы қонақүйдегі өрт салдарынан болды.
BBC таратқан мәліметке сәйкес, өрт кезінде Беркин Устамен бірге оның 57 жастағы әкесі Яхья Уста да қаза тапты. Ол Түркияның тау шаңғысы және сноуборд нұсқаушылары қауымдастығының президенті қызметін атқарған.
Беркиннің анасы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді.
Өрт таңертең ерте Улудаг курортындағы қонақүйде басталған. Ол жерде тау шаңғысы орталығында жұмыс істейтін 12 адам болған. Өрттің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ. Құтқару қызметтері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіргенімен, екі адамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
Беркин Уста 2022 жылы Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиадада Түркия намысын қорғады. Ол алып слалом жарысында 43-орын алған. Жас спортшы ұлттық құраманың болашағынан үміт күттірген өкілі болатын.