Қазақстанның үздік волейболшы қызы Сербия чемпионатының жартылай финалына өтті

Редактор Penalty.kz
04.04.2025, 06:22

Сербия волейбол чемпионатының плей-офф кезеңінде Қазақстанның үздік волейболшысы Сана Анарқұлова өнер көрсететін "Уб" клубы ширек финалда "Стара Пазова" командасымен кездесті. 

Instagram/@sana_anarkulova_fc

Тартысты матч "Уб" клубының айқын жеңісімен аяқталды — 3:0 (25:22, 25:21, 25:19). Осылайша қазақстандық спортшының командасы жартылай финалға жолдама алды.

Сана Анарқұлова — Қазақстан волейболының аңызына айналған есімдердің бірі. Оның спорттағы басты жетістіктері мыналар:

  • Қазақстан чемпионатының 8 дүркін жеңімпазы; 
  • 2021 жылғы клубтар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы; 
  • 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. 
ФОТО: alchetron.com

Сана қазір  Еуропада ойнап жүрген ең танымал қазақ волейболшысы саналады. Оның тәжірибесі мен ойыны Сербия біріншілігінде де жоғары бағаға ие.