Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Үсік жүріп, қар жауады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы салқындайды

Сарапшы, спорт журналисі
03.10.2025, 06:00

"Қазгидромет" РМК 3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде күн райының бұзылуына орай ескерту жариялады.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түнде 3 қазанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады. 03 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 03 қазанда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары