Реклама
Реклама

Ағайынды Сабырхандар Қайрат Нұртаспен бірге сахнада жарқ етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
14.10.2025, 21:35

Қазақстан бокс құрамасының жұлдыздары – Махмұд пен Төрехан Сабырхан рингтегі шеберліктерімен ғана емес, сахнадағы көңілді сәттерімен де жұрт назарын аудартты. 

instagram/@sabyrhantorekhan

Бокс рингінен — шоу сахнасына

Белгілі спорт журналисі Аян Төлеген өзінің Instagram парақшасында Сабырхан бауырларының Қайрат Нұртаспен бірге билеген видеосын жариялады.

Бейнежазбадағы оқиғаның уақыты мен орны нақты белгісіз. Бірақ кадрлардан спортшылардың қазақ шоу-бизнесінің жұлдыздарымен еркін әрі көңілді ортада жүргенін көруге болады. Видеода бауырлардың шат көңілмен би билеп, өздерін еркін ұстағаны байқалады.

Ағайынды Сабырхандардың тарихи жетістігі

Еске сала кетейік, World Boxing әлем чемпионатында Махмұд пен Төрехан бокс тарихына енді. Олар алғаш рет бір жарыста ағайынды ретінде алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшылар атанды.

Бұл жетістік отандық спорттың жаңа бетбұрысын көрсетіп, қазақ боксының абыройын әлемдік деңгейде тағы бір мәрте асқақтатты.

Реклама
Реклама