Ерекше сый Алматыдағы жиындардың бірінде табысталды.
«Қайрат» ФК жас қақпашысы Шерхан Қалмырза қасиетті Меккеге Ұмра қажылығына жолдама алды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, Шерхан Қалмырза мен анасы Алматыдағы жиындардың біріне қонақ ретінде қатысқан. Дәл сол кеште жас қақпашыға Ұмра қажылығына арнайы сертификат табыс етілген.
Бұл жаңалық көпшіліктің жылы лебізін тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Шерханның еңбегі мен талантын бағалаған жандар аз емес. Бұған дейін:
Шерхан Қалмырза — қазақ футболының болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншы. Ол қазір «Қайрат» клубының қақпашысы ретінде танымал. “Реалға” қарсы тарихи кездесуден кейін ел арасында үлкен танымалдылыққа ие болды.